
Smartstand "Биология"
"Биология" интерактивті ақпараттық-білім беру стенді (Smartstand "Биология") мектеп биологиясы пәні туралы толық ақпаратты қамтиды. Бұл стенд жасыл және ашық жасыл түстермен көркем орындалған. Жоғарғы сол жақ бұрышта "BIOLOGY" жазуы жазылған, оның астында ашық жасыл түсті аймақта қара түспен "БИОЛОГИЯ" жазуы жазылған. Стендтің ортасында табиғаттағы зат айналымын көрсететін, газдардың айналымы, олардың тірі ағзаларға әсері жалпы табиғаттағы орын алмасу заңдылығы бейнеленген. Бұл бейне экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігін, энергия ағыны және қоректік тізбектерді, экологиялық пирамида түрлерін, табиғаттағы көміртек пен азот айналымын сипаттайды. Стендтегі 8 QR-кодтың көмегімен тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; Ағза мен қоршаған орта; Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар туралы қызықты мәліметтер ала аласыздар. Бұдан басқа, стендте оқушылар үшін қазақстандық ғылыми орталықтар бойынша танымдық ақпарат бар, сондай-ақ, бітіруші сынып оқушыларына арналған пайдалы "Онлайн дәрістер" жинағы да келтірілген.