
Smartstand "География"
"География" интерактивті ақпараттық-білім беру стенді (Smart Stand "География") мектептегі география пәні туралы қызықты мәліметтермен бөліседі. Бұл стенд қою күлгін түстермен көркем безендірілген. Стендтің дәл ортасында Жер планетасы бейнеленген, оның төменгі бөлігінде Жердің құрылымы көрсетілген. Стенд арнайы әзірленген деректер базасымен байланысты 6 жылдам жауап кодымен (QR кодтары) жабдықталған, оның мазмұны сандық форматта география пәні бойынша мынадай тақырыптарды қамтиды: мұхиттар мен материктер, Күн мен Жердің құрылымы, экологиялық проблемалар мен климаттың өзгеруі, Қазақстан географиясы, физикалық география. Оқушыларды заманауи ғарыштық технологиялармен таныстыру үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) бөлімі енгізілді. Заманауи тұрғыда дайындалған интерактивті стенд оқушыларға пайдалы болады деген үміттеміз.