
Smartstand "Информатика"
"Информатика" интерактивті ақпараттық-білім беру стенді (Smart Stand "Информатика") мектептегі Информатика пәні туралы пайдалы ақпараттарды қамтиды. Бұл стенд қара және қою көк түстермен көркем безендірілген. Стендтің ортасында сары түспен "IT-TECHNOLOGY" деген жазу жазылған, оның астында ақ түспен "ИНФОРМАТИКА" жазуы жазылған. Бұл жазулар сары жиектері бар төртбұрышты пішінде орналастырылған. Жалпы, стенд сары сызықтар арқылы төрт аймаққа бөлінген. Осы аймақтарда арнайы әзірленген деректер базасымен байланысты 6 тақырыптық QR-код бар, оның мазмұны цифрлық форматта мектеп информатикасы пәнінің тақырыбын жан-жақты қамтиды. Заманауи тұрғыда дайындалған интерактивті стенд оқушыларға пайдалы болады деген үміттеміз.