Физика

Physics

Smartstand "Физика"

"Физика" интерактивті ақпараттық-білім беру стенді (Smartstand "Физика") мектептегі Физика пәні туралы толық ақпаратты қамтиды. Бұл стенд күлгін-жасыл түстермен көркем орындалған. Стендтің дәл ортасында жерде Ағаштың астында отырған ұлы физик Исаак Ньютон бейнеленген. Ғалым оң қолында ауырлық күшінің әсерінен құлаған алманы ұстап тұр, кейбір деректерге қарағанда алма ағашынан құлаған алма И. Ньютонның бүкіл әлем тартылыс заңын ашуға себеп болған. И. Ньютонның сол қолында кітап бейнеленген, ол ғалымның ғылымға құштардығын сипаттайды. Ағаштың өзінде мектеп физикасы курсының негізгі формулалары көрсетілген, яғни бұл ағаш білім ағаша іспеттес. Стендте жалпы саны 11 QR кодтар бейнеленген. Осы QR кодтар арқылы мектеп физикасының барлық бөлімдеріне шолу жасай аласыз, сондай-ақ, әйгілі физик ғалымдармен, онлайн лекциялармен, әдістемелік нұсқаулықтармен, қазақ ғарышкерлерімен және кіші ғарыш аппараттарымен де таныс боласыздар. Оқушыларға қызықты болған физика салысына қатысты әртүрлі қызықты деректер мен физиканың 7 тұғырлы заңдарымен де танысу мүмкіндігі бар.