
Smartstand "Алаш"
"Алаш Орда" ақпараттық-білім беру стенді (Smartstand "Алаш") Алаш Орданың, Алаш партиясының тарихы, Алаш партиясының негізгі көшбасшыларының өмірі мен қызметі туралы толық ақпарат береді. Сондай-ақ, стендте Алаш Орданың негізгі көшбасшыларының шығармашылығы да қамтылған. Стенд 1913-1918 жылдар аралығында жарияланған "Қазақ газетінің" құрылу тарихы туралы егжей-тегжейлі баяндайды. Сондай-ақ, стендте қазақстандық зиялы қауымның қазақ крайкомының бірінші хатшысына жазған хаты ("бесеудің хаты") туралы ақпарат берілген. Кино сүйер қауым үшін арнайы QR-код бойынша оңай өтіп, Алаш Орда көшбасшылары туралы көркем фильмді тамашалауға мүмкіндік бар. Стенд қоңыр-көк түстермен безендірілген. Стендтің сол жақ бұрышында "Қазақ" газетінің символы болып табылатын киіз үй, киіз үйдің үстінде "Бесеудің хаты"деген жазуы бар конверт бейнеленген. Стендтің оң жақ бұрышында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар, яғни қазақ халқының зиялылары бейнеленген. Жүріп бара жатқан адамдардың жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бейнеленген. Стендтің жоғарғы бөлігінде қазақ халқы үшін қиын кезеңдерді бейнелейтін қалың бұлттар мен қара құстар бейнеленген. Ең жоғарғы жиегінде "ALASH ORDA" деген жазу бар, әр әріптің ішінде Алаш Орда қайраткерлері мен жетекшілерінің суреті бейнеленген.