Химия

Chemistry

Smartstand "Химия"

"Периодтық кесте" интерактивтік ақпараттық-білім беру стенді (Smartstand "Химия") периодтық жүйенің 118 элементі туралы толық ақпарат береді. Стендте 10 жылдам жауап беру коды (QR кодтары) және химиялық элементтер тобының сәйкес атаулары көрсетілген. QR кодтарға өту әр химиялық элемент туралы ақпаратты қамтитын арнайы жасалған мәліметтер базасымен танысуға болады. Стендтің оң жағында Д.И. Менделеевтің графикалық стильдегі бейнесі, ал портреттің жанында QR коды бар. Портреттің төменгі бөлігінде 6 жылдам QR коды орналасқан, олардың жанында қазақ және орыс тілдерінде тиісті сөздер жазылған: "Нусқаулық", "Органикалық химия", "Негізгі формулалар", "Бейорганикалық химия", "Химияға киріспе" "Интерактивтік периодтық жүйе". Осы QR кодтарының астында екі химик шәкірттің 3D моделі, олардың жанында әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізуге арналған химиялық ыдыстар бейнеленген. Стендтің негізгі бөлігін периодтық жүйенің өзі алады, мұнда әр элемент дөңгелектелген түрлі-түсті квадраттарда көрсетілген. Стендтің жоғарғы бөлігінде қазақ тілінде "Химиялық элементтердің периодтық жүйесі"деген жазу көрсетілген. Осы жазудың астында, стендің орта бөлігінде үлкен квадратта Плутоний элементі көрсетілген, ал көрсеткіштер арқылы элементтің негізгі қасиеттері сипатталған.