Smart Stand "Математика"
Интерактивті «Математика» стенді алгебра, математика тарихы, ұлы ғұлама-ғалымдар, матаметикалық талдау, математикалық моделдеу, тригонометрия және ықтималдылық теория бағыттары туралы маңызды ақпараттарды қамтиды. Стендтің сол жағында ұлы шығыс ойшылы Әл-Хорезмийдің бейнесі көрсетілген, оның астында математика ғылымының дамуына үлес қосқан батыс ғалымдары бейнеленген. Интерактивті стендтің басты ойы математика ғылымдар төресі екендігін алға тарту. Стендте 6 арнайы QR код бейнеленген. Осы кодтар арқылы оқушылар қызықты мәліметтерді ала алады.